2026 жылғы 8 сәуірде сағат 10.00 – да Боровское ауылы, Королев көшесі 5 мекенжайы бойынша 3 – қабаттағы мәжіліс залында Меңдіқара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Сессияның күн тәртібі:
- Жер комиссиясының құрамын және оның ережесін бекіту.
- Меңдіқара ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын, сондай-ақ кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерін 2026 жылы әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету.
- «Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» Мәслихаттың 2024 жылғы 4 шілдедегі No 131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
- «Меңдіқара ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Мәслихаттың 2024 жылғы 4 шілдедегі No 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
- «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы No 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/1192420?lang=kk

Жауап қалдыру