
Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері 2026 жылғы 19–20 наурыз күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ШЖҚ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК базасында өткен халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция «Емдеуге жатқызуға дейінгі және госпитальдық кезеңіндегі жүрек-өкпе реанимациясының заманауи тәсілдері» тақырыбына арналды. Ұйымдастырушылар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және Қазақстан Республикасы Медициналық жедел жәрдем қауымдастығы.
Іс-шараға әртүрлі елдерден жедел жәрдем мамандары, университеттер мен көпсалалы ауруханалардың өкілдері қатысты. Өз тәжірибелерімен Германия, Малайзия және Сингапур елдерінен келген шетелдік әріптестер бөлісті. Сондай-ақ Өзбекстан, Әзербайжан, Беларусь елдерінің мамандары, сондай-ақ ҰШМҮО және Қазақстанның өңірлік жедел жәрдем қызметтерінің қызметкерлері мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференция барысында түрлі шұғыл жағдайларда көрсетілетін жедел көмек пен қарқынды терапияның негізгі мәселелері талқыланды: жүрек-өкпе реанимациясы, инфаркттар, инсульттар, политравмалар және басқа да жағдайлар.
Конференция қорытындысы бойынша іс-шара жұмысына белсенді қатысқаны және қосқан үлесі үшін сертификаттармен марапатталғандар: Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем қызметінің директоры Тойбеков А.С., №8 қосалқы станцияның аға дәрігері Омарбек Нұрғиса Әбдіманапұлы, фельдшер Исаев Исрафиль Сейфуллаевич.
Конференция материалдары жинағына жедел жәрдем қызметкерлерінің және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедрасының оқытушыларының ғылыми жұмыстары енгізілді. Олардың қатарында телемедицинаға, жүрек қызметін қашықтан мониторингтеуге, шоктық және коматоздық жағдайлардың ерекшеліктеріне, догоспитальдық кезеңде ЭКГ талдауына, сондай-ақ шақыртулар құрылымы мен жүрек-өкпе реанимациясының тиімділігі мәселелеріне арналған зерттеулер бар.
Жұмыстарда электрокардиограмманы қашықтан беру және талдау технологияларын дамытуға ерекше назар аударылды, бұл догоспитальдық кезеңде көрсетілетін көмектің сапасын арттыру үшін аса маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1192776?lang=kk

Жауап қалдыру