Ақмола облысында жаңа құрама жем өндірісі іске қосылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында астықты қайта өңдеу бойынша жаңа кәсіпорындар ашылуда. Облыс әкімі Марат Ахметжановтың жұмыс сапары аясында «Қарағай» ХПП ЖШС құрама жем зауытының қызметімен танысу, сондай-ақ Зеренді ауданы Қарағай станциясында жүзеге асырылып жатқан перспективалық инвестициялық жобалардың таныстырылымы өтті.

«Біз жемдік ұн өндіреміз, зауыттың қуаттылығы сағатына 60 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді, тәулігіне – 1500 тоннаға дейін. Шикізатпен жаңа өнімге дейін толық қамтамасыз етілген. Негізгі өткізу нарығы – Қытай Халық Республикасы. Жоба аясында 18 жұмыс орны құрылды. Жоспарда – майлы дақылдарды өңдеу зауытын салу бар», – деп хабарлады «Қарағай» ХПП ЖШС бас директоры Николай Казак.

Марат Ахметжанов өңірде өндірісті дамыту басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, компания жергілікті атқарушы органдардың қолдауына сене алатынын айтты. Алайда бизнес өкілдеріне өткізу нарығын және бәсекелестердің мүмкіндіктерін ескеру қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ өңір басшысына Қарағай станциясындағы индустриялық аймақ таныстырылды. Жоба аясында өндірістік кәсіпорындарды орналастыру және бизнес-жобаларды іске асыру үшін 96 гектар жер учаскесін бөлу қарастырылған.

«ALPHA WIND» жел электр станциясының құрылысы жобасына ерекше назар аударылды. Компания өкілі Әділ Кантаевтың айтуынша, станция Симферополь ауылы мен Қарағай станциясының арасында орналасады. Электр станциясының жобалық қуаттылығы жылына 150 МВт болады. Негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары жаз мезгілінде басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1192907?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді