
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2026 жылғы 1 сәуір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен артық төленген зейнетақы және жәрдемақыларды пысықтау мәселесі бойынша техникалық оқу өткізді.
Іс-шара барысында артық төлемдердің туындау себептері, сондай-ақ оларды борышкерлерден өтеу тәсілдері қарастырылды.
Департамент басшысы Илимжанова З.А. және бөлім басшысының м.а. Акимбеков Б.К. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №257 және 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрықтарының ережелерін түсіндірді.
Мемлекеттік корпорация қызметкерлері аталған бағыттағы жұмысты жүргізу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1192184?lang=kk

Жауап қалдыру