
Оқу іс-шарасының тақырыбы – террористік сипаттағы дағдарыстық жағдайды оқшаулау және залалсыздандыру бойынша іс-қимылдарды практикалық пысықтау.
Ажыратылған оқу-жаттығуды өткізу барысында анонимді хабарламаның келуіне жедел әрекет ету кезеңдері, бастапқы тексеру іс-шараларын ұйымдастыру, іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тергеу іс-шаралары практикалық тұрғыда модельденіп, пысықталды.
Өткізілген оқу-жаттығу барысында, қатысушылардың антитеррорлық операциядағы іс-қимылдарының кезең-кезеңімен алгоритмін пысықтауға, ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелерін талдауға, сондай-ақ ден қою жүйесін одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Оқу іс-шарасы жеке құрамның практикалық дағдыларын нығайтуға және тартылған күштер мен құралдардың өз міндеттерін орындауға дайындық деңгейін арттыруға ықпал етті.
Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192858?lang=kk

Жауап қалдыру