
Қалалық мәслихат депутаты Төлегенова Ақманат Мұратқызы қабылдауында болған Абай даңғылы №44,46 қөпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және тағы басқа мәселелер көтерілді:
– Аулаішілік жолдарға көлік жылдамдығын бәсеңдету құрылғыларын орнату;
– Аула ішіне жаяу жүргіншілер жолын салу;
– Көлік құрылғыларының қозғалысын бір бағытты ету;
– Қураған ағаштарды ретке келтіру;
– «Алатау» сауда үйі жақ бетіндегі кіреберісті көлік жүргізбеу үшін жабу мәселелері.
Кездесуге қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жергілікті полиция өкілдері қатысты.
Депутат А.Төлегенова өз тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасалатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1192922?lang=kk

Жауап қалдыру