
Ел тарихында із қалдыратын күндер болады. 2026 жылдың 15 наурызы – Қазақстан үшін дәл сондай күн болды. Халқымыз жаңа Конституцияға дауыс беріп, тарихи таңдауын жасады. Ал сол тарихи таңдаудың артында – түндері ұйықтамай, күндері демалмай еңбек еткен белсенді азаматтардың табанды жұмысы тұр.
Бүгін сол еңбек бағаланды.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының жұмысына елеулі үлес қосқан Ойыл ауданы коалициясының белсенді мүшелері салтанатты түрде марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаев табыстады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы, Жалпыұлттық коалиция Жетекшісі Ерлан Қошановтың Алғыс хаттарын «AMANAT» партиясы Ойыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркін Жиеналин табыстады.
Референдум кезеңінде аудан бойынша жүргізілген ауқымды үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарының нағыз қозғаушы күші болған коалиция мүшелерінің еңбегі жоғарғы деңгейде бағаланды. Бұл – ауданымыздың қарапайым азаматтарының ел тағдырына қосқан үлесінің лайықты бағасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1192732?lang=kk

Жауап қалдыру