
2026 жылға құқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Махановамен 31.03.2026ж. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның облыстық филиалының және қалалық бөлімінің қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабағы өткізілді.
Құқықтық оқытуда, А. Маханова қатысушыларға 13.03.1992ж. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің азаматтарының зейнетақы қамтамасыз ету саласындағы құқықтарына кепілдік беру туралы» және 20.12.2019ж. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек етушілерін зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Келісімдер бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау барысында еңбек өтілдерін есепке алу тәртібі туралы түсіндірме берді.
Сонымен қатар, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау барысында туындаған сұрақтарға заңнама аясында түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1192788?lang=kk

Жауап қалдыру