
2 – сәуір балалар кітабы күніне орай Алмалы ауылдық кітапханашыларының ұйымдастыруымен “Кітап – ғажайып әлем” атты тақырыпта ертегі оқу өткізілді. Шара барысында балалар сүйікті ертегілері мен танысып, қызықты кейіпкерлер әлеміне саяхат жасады. Кітапханашы балаларға ертегінің тәрбиелік мәнін түсіндіріп, жақсылық пен жамандық, адалдық пен достық туралы әңгіме өрбітті. Балалар да белсенділік танытып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, мәнерлеп оқу арқылы олардың сөйлеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттері дамыды. Шара соңында балалар кітаптың адам өміріндегі маңызы зор екенін түсініп, кітап оқуға деген қызығушылықтары артты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1192786?lang=kk

Жауап қалдыру