
Хаттама
Құлынжон ауылындағы мал жайылымы
Құлынжон ауылы 01 сәуір 2026ж
Күн тәртібінде:
- Бақташы тағайындау
- Мал бағу бағасы
- Опекун тағайындау
Округ әкімі Н.Манкей құрметті ауылдастар күн жылынып көктем шықты табун мәселесі бойынша жиналып отырмыз. Бізге бақташы, опекун тағайындап , мал бағу бағасын шешіп алуымыз керек.
Ержан Зейнекенов ірі – қара мал бағатын бақташыға Азамат келісіп отыр, сол бақсын, ал опекун Назигуль апай болсын. Назигуль апай бұрын опекун болған. Жиналғандар бір ауыздан келісті. Әкім М.Нурболат былтыр мал бағу бағасы 15 мыңнан болыпты, сол баға қалсын.
З.Ержан тағы бір мәселе кейбіреулері көктемде малдарын табунға қосады да, күзде малдрымызды қоспаймыз деп кезектен шығып кетеді.
Округ әкімі ол дұрыс емес мал жайылымы 15 сәуірден басталып бірінші қар түскенше жайылу керек. Биыл олай болмайды табынға бармаған малдарын үйде ұстайды, ұстамай бос жіберген жағдайда штраф салынады.
Ержан З. содан кейін тағы бір мәселе малдарын табынның алдынан тосып алмайды. Содан кейін ауылдың ішінде бос жүреді және бақташы ауылға әкелмеді деп айтады.
Әкім бірінші рет ескерту жасалады, содан кейін штраф салынады. «Жолан» шаруа қожалығымен айыппұл тұрағына келісім шарт жасалған, соған қамап тастаймыз. Д.Абдухаримова бұзауларды табынға жібермеу керек, сиырларды еміп қояды, сутсіз келеді. Әкім Н.Манкей бұзауларды жібермеңдер, бұзау жоғалса бақташы жауап бермейді. Ақысын уақытында төлеп отырыңыздар. Бақташы арттарыңыздан жүгіріп жүрмесін.
С.Жанұзақ мен табынға қосатын бұқа әкелдім. Бұрын бұқа қосқан адамдар кезек жаймайтын. З.Ержан әр-бір сиыр басына бір мың тенге жинап,сол бұқа қосқан адамдарға бөліп берейік. Кезек жайсын. Қатысушылар келісті.
Округ әкімі малдарыңыз ауырып, ақсап қалса бақташыны ескертіңіздер.
Табынға барып ауырып тұрған малды бақташы байқап қалған жағдайда, малдың иесіне хабарлап айтып фото, видео жіберу керек. Кешке табыннан келгенде өліп қалды деп айтқан келмейді.
Жиналыс қортындысы:
Бақташы – Зейнекнов Азамат
Опекун – Байказакова Назигуль
Бағу бағасы – 15 мың тенге
Бұқа қосқандарға сиыр басына жиналған ақшаны бөліп береміз, кезек жайады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/1192388?lang=kk

Жауап қалдыру