Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        «Менің мамандығым – мемлекеттік қызметші!» жобасы аясында «Лисаков қалалық мәслихатының аппараты» ММ қызметкерлері мектеп-лицейдің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Аталған жоба мемлекеттік қызмет институтын насихаттау, оның тартымдылығын арттыру және орта мектеп оқушыларының бойында патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынды.
          Кездесу барысында қызметкерлер «мемлекеттік қызметші» мамандығы, мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру қағидалары туралы түсіндірді.
         Сондай-ақ оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-lisakovsk/press/news/details/1192520?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді