Полиция велосипедшілерді қырағылық танытуға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем мезгілінің келуімен веломаусым ашылып, ол кеш күзге дейін жалғасады. Бұл қалада велосипед тебудің кеңінен таралғанын көрсетеді.
Өкінішке қарай, көптеген велосипед иелері өз мүлкінен айырылып жатады. Көп жағдайда бұл жағдайлардың орын алуына велосипед иелерінің өздері де себеп болады: олар велосипедтерін қараусыз қалдырады, сенімді қорғаныс құралдарымен жабдықтамайды, көшелерде немесе тұрғын үйлердің кіреберістерінде қалдырады, үйге немесе құлыпталатын тамбурларға кіргізу мүмкіндігін ескермейді.
Айта кету керек, 2025 жылы облыс аумағында велосипед ұрлығының 150 дерегі тіркелген, ал биылғы жылы екі дерек орын алған – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Велосипед ұрлығының алдын алу мақсатында Павлодар облысының полицейлері қала және облыс тұрғындарына жеке мүлкін қорғаудың негізгі қағидаларын ұстануды қатаң түрде ұсынады: велосипедті қараусыз қалдырмау, оны тұрғын үйлердің кіреберістерінде де, дүкендер мен сауда орталықтарының жанында да бақылаусыз тастамау. Сондай-ақ бейтаныс адамдардан, бағасы тым арзан болып көрінсе де, велосипед сатып алмау қажет. Мұндай жағдайда сатып алынатын заттың ұрланған болуы мүмкін. Велосипедтерді тек арнайы спорт дүкендерінен сатып алған жөн, өйткені олар ресми түрде сатады және көлік құралына қатысты құжаттарды береді. Бұл құжаттар сатып алу-сату фактісін ғана емес, мәміленің заңдылығын да растайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1192600?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді