ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Энзоотиялық аурулардың (Конго-Қырым қанды қызбасы) алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының көктемгі 1-ші кезеңі сәуір айында басталуына байланысты, залалсыздандыру жұмыстарының алдында қора-жайлар мен жапсарлас аумақтарды, ауылдан тыс орналасқан сыртқы қора- жайларыңызды қоқыстан, көң, қидан тазартып даярлық жұмыстарын жасауларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ірі қара, жылқы, түйелерді бүрку, уақ мал (қой, ешкілер) тоғытылатынын хабарлаймыз.

Жеке меншігіңіздегі ауыл шаруашылығы жануарларын және қора-жайларыңызды кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарынан қалдырмаңыздар!!!

ЕСКЕРТПЕ: “Ветеринария туралы” ҚР Заңының 25-бабына сәйкес, жануарлар иелері өз иелігіндегі нысандарды тиісті санитарлық жағдайда ұстауға міндетті.

Қора-жайларыңыз көң-қидан, қоқыстан тазаланбаған жағдайда залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді.

ТО ВБ «Ветеринариялық қызметі» ШЖҚ МКК Кентау филиалы

тел 3-00-03

Ауыл әкімдіктері

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1192274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді