Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 сәуір күні Қарақия ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Сымбат Төретаев арнайы қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы бастамаға атсалысты.

Сенбілік барысында теңіз жағалауы мен оған іргелес аумақтар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Аталған шараға ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді түрде атсалысып, ортақ іске жұмыла кірісті.

Сенбілікке 200-ден астам қызметкер жұмылдырылып, 10-нан аса арнайы техника тартылды. Ұйымдасқан жұмыстың нәтижесінде шамамен 50 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы орындарға шығарылды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген бұл сенбілік тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға ықпал ететін маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1192366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді