Құрметті қала тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемгі сенбілік маусымында жиналған ірі көлемді қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауды сұраймыз.

Қазіргі таңда Орал қаласында сенбілік барысында жиналған құрылыс қалдықтары, ағаш бұтақтары, ескі жиһаздар және басқа да ірі көлемді қоқыстарды Орал–Саратов тас жолының 7-шақырымында орналасқан арнайы орынға шығару ұсынылады.

Аталған орын санитарлық айлық кезеңінде, яғни сәуір-мамыр айларында ірі көлемді қалдықтарды тегін қабылдайды.

Қаланың тазалығы мен экологиялық жағдайын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Белгіленбеген орындарға қоқыс төгу заң бұзушылық болып саналады және қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1192380?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді