
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі аумағында шегіртке зиянкесіне қарсы қолданылатын арнайы техникалармен, химиялық препараттарды шашуға арналған құрал-жабдықтардың жай-күйімен танысты.
Аудан басшысы аталған жұмыстардың тиімді әрі сапалы орындалуын ерекше бақылауға алып, сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру және тұрақты бақылау жүргізу жауапкершілігі салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына тапсырылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1192716?lang=kk

Жауап қалдыру