
Бұл туралы ШҚО ТЖД мамандары журналистерге арналған брифингте мәлімдеді.
Жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында 287 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық. Өрт салдарынан 21 адам қаза тапты, бұл 5%-ға өскенін көрсетеді. 21 адам жарақат алды, бұл көрсеткіш екі есеге артқан.
Сонымен қатар, қайғылы жағдайлардың басым бөлігі өрт қауіпсіздігі талаптарының қарапайым ережелерін бұзумен және тұрғын үйлердің қанағаттанарлықсыз жағдайымен байланысты.
«Өрттердің өсуіне қарамастан, өңірде профилактикалық жұмыстар барынша кең көлемде жүргізілуде.
Айта кету керек, тұрғын үй секторы азаматтық қорғау органдарының бақылауындағы нысандар қатарына жатпайды. Бұл бағытта департамент тарапынан тек өрттердің және адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
ТЖД қызметкерлері 91 000-нан астам үйді аралап, қауіпсіздік шаралары мен пештер мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндірді.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын, пешпен жылытылатын 2 763 үй бақылауда. Осы мекенжайларды тексеру барысында 700-ден астам бұзушылық анықталды, олардың басым бөлігі пештерді пайдалану және электр желілерінің жағдайымен байланысты.
Анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ пештер мен электр сымдарын жөндеуге қосымша көмек көрсетілуде.
Әлеуметтік осал азаматтардың үйлерінде 680 көміртек тотығы датчигі орнатылды, олардың арқасында адамдардың өмірі сақталып қалды».-деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов
Жалпы, соңғы 6 жылда 17 мыңнан астам датчик орнатылып, 45 адамның өмірі құтқарылды, оның ішінде 31 бала бар.
Құтқарушылар пешпен жылыту кезінде қауіпсіздік ережелерін еске салды:
– мұржаларды уақтылы тазалаңыз;
– жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз;
– пештің шамадан тыс қызуына жол бермеңіз;
– жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) кептірмеңіз;
– ақаулы пештерді пайдаланбаңыз.
Өрттердің алдын алуда шешуші фактор – азаматтардың жеке жауапкершілігі және өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды дер кезінде жою болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1192484?lang=kk

Жауап қалдыру