Шымкентте терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, онда мемлекеттік органдар мен мүдделі қызметтердің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері қаралды. Қатысушылар аталған саладағы қауіптерді талқылап, тәуекел факторларды ерте анықтауға және жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды қарастырды.
Талқылау аясында кәмелетке толмағандар арасында экстремистік және террористік сипаттағы көріністерді анықтау және олардың алдын алу кезінде мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының және профилактика субъектілерінің өзара іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленіп, өскелең ұрпақ арасында экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы жоспарлар айқындалды.

Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192817?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді