
Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға қаладағы орта білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, жалпы алғанда 300-ге жуық адам қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – педагогтардың қазіргі замандағы қауіптер туралы хабардарлығын арттыру және кәмелетке толмағандарды радикалды ағымдарға тартудың алдын алу үшін тиімді шараларды әзірлеу болып табылады.
Спикерлер ретінде қала әкімдігі және білім басқармасының өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қауіпсіздік саласындағы өзекті үрдістер, кәмелетке толмағандарды экстремистік қызметке тарту белгілері қарастырылып, білім беру ортасында профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылы мәселелеріне, жастар арасында радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастырудағы педагогтардың рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жүйелі тәсілдің маңыздылығын және профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Айта кету керек, аталған мәселе қаладағы терроризмге қарсы комиссияның жұмыс тобының отырысында да қаралды.
Материал Шымкент қ. ТҚК
ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192823?lang=kk

Жауап қалдыру