Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы басталды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері және ел ағаларының қатысуымен Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының іргетасын қалау рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа жобаның басталуымен құттықтап, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
 
Рәсімде мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов сөз сөйлеп, батасын берді.
Айта кету керек, 2022-2025 жылдары мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға 92,4 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл мақсатқа 34 млрд 800 млн теңге қарастырылған. Шаруашылықтар есебінен 58 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.
Өткен жылы ауыл шаруашылығында 11 млрд 600 млн теңгенің 16 инвестициялық жобасы іске қосылып, саланың негізгі қорына тартылған инвестиция көлемі 74 пайызға артты.
2026-2028 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, оған 138 млрд 200 млн теңгенің 17 жобасы енгізілді. Жүйелі жұмыстың арқасында жалпы өнім көлемі жыл сайын өсіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya-shagan/press/news/details/1192349?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді