
Тереңөзек ауылдық округінде көктемгі егістік дала жұмыстары аясында жаздық арпа дақылдарын егу барысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстардың орындалу барысымен округ әкімі Қанат Смат Төлеуұлы арнайы барып, танысты.
Әкім “Жиенбет” , “Береке”, “Жамбыл БТТ” және “Макпал” шаруа қожалықтарының егіс алқаптарын аралап, көктемгі науқанның барысын көріп қайтты. Шаруашылықтарда тұқым себу жұмыстары агротехникалық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov-terenozek/press/news/details/1192745?lang=kk

Жауап қалдыру