Жалған терроризм үшін жаза міндетті түрде болады!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанай облысында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қостанай облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасаған кәмелетке толмаған тұлғаны анықтап, оны қылмыстық жауапкершілікке тартты.
Істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кәмелетке толмаған құқық Н. бұзушыға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Осыған байланысты, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін полиция еске салады.
Сондай-ақ, кәмелетке толмаған тұлғалар да қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екеніне ерекше назар аударды.
Азаматтарды жауапкершілік танытып, құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге шақырамыз.

 

Материал Қостанай облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1192828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді