Жамбыл облысында полицейлер мен танымал спортшылар жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін күш біріктірді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысында полицейлер мен танымал спортшылар жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін күш біріктірді

Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балаларды ықтимал заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Полиция қызметкерлері жастар көп жиналатын орындарға, ойын-сауық мекемелеріне және түнгі уақытта көшелерге бақылауды күшейтті.

Нәтижелер көрсеткендей, ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты бақылауы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 62 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде немесе ойын-сауық орындарында ересектердің еріп жүруінсіз болуына жол бергені үшін 469 заңды өкілге жауапкершілік жүктелді.

Кәсіпкерлік нысандардың жауапкершілігі де назардан тыс қалған жоқ. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды кіргізгені үшін 14 кафе мен бар иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында неғұрлым күрделі құқық бұзушылықтар да анықталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау немесе алып жүру деректері бойынша 9 жасөспірім ұсталып, олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Акцияда Қазақстанның танымал спортшылары — Фируза Шарипова, Нұрданат Айтанов, Асланбек Шымбергенов және Нұржан Асан жасөспірімдерге арналған мотивациялық бейнероликтер түсіріп, белсенді қатысты.

Өз үндеулерінде спортшылар жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және заң талаптарын сақтауға шақырды. Қысқа бейнероликтер әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, жасөспірімдер арасында үлкен қолдауға ие болды.

Мұндай профилактикалық форматта беделді тұлғалардың қатысуы маңызды ойларды жастарға түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік беріп, құқықтық сананы қалыптастыруға және спортты насихаттауға оң ықпал етіп, жоғары тиімділігін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1192945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді