2026 жылғы 03 наурызында Тамақтану стандартының талаптарының енгізілуі аясында озық тәжірибені апробациялауға арналған үлгілік мектептерде жүргізілген мониторинг нәтижесіндегі талдау бойынша Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (әрі қарай-Департамент) басшының орынбасары Б.Сатқанбаеваның төралығымен кезекті апталық кеңес өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Апталық кеңеске облыстық білім  басқармасының өкілі, барлық қалалық, аудандық білім бөлімінің және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларының жетекшілік ететін орынбасарлары және үлгілек мектептердің (№ 31,33) директорлері, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарманың мамандары қатысты.

Кеңес отырысында мектептерде Тамақтану стандартының талаптарының енгізілуі аясында туындап жатқан  мәселелері және мектепке дейінгі ұйымдарында және басқа да білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандартқа енгізілуі талқыланды.

Сонымен қатар, ерекше бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) бөлігінде тізімін  қалыптастыру үшін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы деректер мен мәліметтер облыстық, қалалық, аудандық мемлекеттік органдардан жинақтау бойынша Департамент  басшының орынбасарымен  тапсырма берілді.

Кеңес барысында қойылған сұрақтарға толықтай жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1193499?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді