2026 жылдың бірінші тоқсанында Қарағанды облысының 17 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді, оның ішінде 14-і аттестаттаудан өтті, 3-еуі өтпеді.
Өтпеудің негізгі себептері: педагогтердің сапалық құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, оқу кабинеттеріндегі оқу-зертханалық жабдықтардың белгіленген нормаға сәйкес болмауы, мектеп ғимаратына жедел басқару құқығының рәсімделмеуі.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Департамент тарапынан 2 білім беру ұйымында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілді: Қарағанды қаласының «№42 негізгі орта мектебі» КММ, «Бұқар-Жырау негізгі орта мектебі» КММ. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша 1 білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) бұзылуы, сондай-ақ білім беру саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталып, нұсқама берілді.
2026 жылдың бірінші тоқсанында жеке тұлғалардың өтініштері негізінде 4 білім беру ұйымында жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде 3 мектеп, 1 балабақша. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 4 білім беру ұйымына нұсқама берілді. Сондай-ақ білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуға жол берген заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 64 875 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың хабарламалары мен ұсыныстары негізінде Департамент тарапынан 7 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 1 лауазымды тұлғаға және 6 жеке тұлғаға қатысты, жалпы сомасы 43 250 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-karaganda/press/news/details/1193261?lang=kk

Жауап қалдыру