Ай сайын 600 мың теңгеден астам: Атырау облысында инвесторлар үшін электр энергия тарифінің негізсіз көтерілгені анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар өнімдер саласындағы жобаларды іске асырып жатқан инвесторлар үшін электр энергия тарифінің негізсіз көтерілгені анықталды.

Атырау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен үйлестіру барысында құны 10 млрд теңге болатын құс фабрикасын салып жатқан «Atyrau Chicken» ЖШС құқығын қорғап қалды.

«Атырау Жарық» тарифтерді қолдану кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндірушілер үшін заңда қарастырылған жеңілдіктерді ескермеген. Соның салдарынан инвесторға белгіленген мөлшерден жоғары төлемдер есептеліп келген.

Жағдай тек прокуратура араласқаннан кейін өзгерді: тариф төмендетіліп, бұған дейін есептелген сомалар қайта қаралды. Нәтижесінде инвестор ай сайын 600 мың теңгеден аса үнемдейтін болды.

Осыған ұқсас заң бұзушылық құны 800 млн теңге болатын тауық етінен жартылай фабрикаттар шығаратын тағы бір жобада анықталды. Ол жерде де негізсіз өскен тариф төмендетілді.

Жалпы, прокуратура әлеуметтік маңызы бар тауарлар өндірісі саласында жұмыс істейтін 15 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Қабылданған шаралар ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1193227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді