Алматы облысы тұрғындарының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жол қызметі мамандары жоспарлы бақылау барысында «Кеген – Нарынқол» республикалық автомобиль жолының 20-шы шақырымында еріген қар суы ағысының күшейгенін уақытылы анықтады. Қосымша тексеру барысында тас жолдағы су өткізу құбыры бүлініп, жиналған су жолды шайып кеткен.

Айта кету керек, бұл тасжол 1960-1970 жылдары салынған. 50 жылдан астам уақыт көлік қатынап келеді. Осы уақытқа дейін аталған учаскеде жолдың шайылуы немесе еріген су көлемінің күрт ұлғаюы тіркелмеген. Сондықтан бұл аймақ бұрын тасқын қаупі бар деп есептелмеген.

Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында жол қозғалысы дереу тоқтатылып, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта апат орнында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Дереу арада көлік қатынасын тоқтатпау үшін уақытша жол салынды.

Ал, су өткізу құбыры мен бүлінген жол жабындысы еріген су ағысы азайғасын қалпына келтіріледі. Сонымен қатар аталған учаскеде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мердігер ұйымға тапсырылды. Жұмыс барысында зақымданған жерлер қалпына келтіріліп, жол инфрақұрылымының табиғи апаттарға төзімділігін арттыру шаралары іске асырылады.

Жағдай тұрақты бақылауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1193439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді