
Құтқарушылар Шымкент қаласының әуежайында әуе кемесіндегі өртті сөндіру бойынша дағдыларын пысықтады.
Жаттығу сценарийіне сәйкес, Алматы–Шымкент бағыты бойынша ұшқан АН-24 әуе кемесі апатты қону кезінде зақымданып, шасси жүйесінің істен шығуы, қозғалтқыш пен жанармай багының бұзылуы салдарынан жанармай төгіліп, өрт шыққан.
Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында 48 жолаушы және 4 экипаж мүшесі болған.
Оқу-жаттығуға Шымкент қаласы ТЖД күштері мен құралдары, әуежайдың апатты-құтқару қызметі, жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы және жедел медициналық көмек бригадалары жұмылдырылды.
Жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды эвакуациялау және зардап шеккендерге көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайларға әрекет ету дайындығын арттыру және қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіру.
Жаттығу қорытындысы бойынша тиісті талдау жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1193161?lang=kk

Жауап қалдыру