
Шаян елді мекені аумағында абаттандыру және көркейту жұмыстары басталды. Атап айтқанда, көше бойларын сырлау-ағарту, тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған шаралардың негізгі мақсаты – ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту, тазалық деңгейін арттыру және елді мекеннің эстетикалық келбетін қалыптастыру.
Осыған орай, аудан тұрғындарын өз үйлерінің аулалары мен іргелес аумақтарын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізуге және абаттандыру іс-шараларына белсенді түрде қатысуға шақырамыз.
Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Ал көрікті де таза ауыл – әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен жанашырлығының нәтижесі.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1193208?lang=kk

Жауап қалдыру