Білім беру ұйымдарында химиялық препараттармен уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес білім беру объектілерінің барлық үй-жайлар таза ұсталады. Ас блогын және дәретханаларды күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жинайды.  Үй жайларды ылғалды жинауды ұйымның техникалық персоналы жүргізеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді санитариялық тораптарды жинауға тартуға жол берілмейді.

Жинау жүргізу үшін нормалау құжаттарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген жуу, дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

Дезинфекциялау ерітінділерін өндірушінің нұсқаулығына сәйкес ерітіндінің дайындалған күнін көрсете отырып, таңбаланған сыйымдылықтарда дайындайды. Дезинфекциялау және жуу құралдары және олардың жұмысшы ерітінділері білім алушылар мен тәрбиешілердің қолы жетпейтін орындарда сақталады.

Жұмыс дезинфекциялау ерітінділерін дайындау сору-тарату желдеткішімен жабдықталған арнайы үй-жайда жүргізіледі.

Білім беру ұйымдарында физикалық және химиялық реагенттерді пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін физика мен химия кабинетіндегі демонстрациялық және оқу зертханалық үстелдерге электр энергиясын жүргізу, химия кабинетінде (орталықтандырылған сумен жабдықтау болғанда) су және кәріз жүргізу көзделеді. Химия кабинетінде сыртқа тарту шкафы жабдықталады.

Тәжірибелер жүргізу үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер, қышқылдар мен сілтілер таңбаланады, жауапты адамның бақылауымен арнайы бөлінген сейфте сақталады.

Химиялық препараттармен уланған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну, зардап шегушіні таза ауаға шығару, үй-жайды желдету қажет. Егер зардап шегуші есінен танып қалса, құсық тыныс алу жолдарына түспеуі үшін оны қырынан жатқызыңыз.

Химиялық препараттармен уланған кезде ешқашан асқазанды өз бетіңізше шаймаңыз, бұл құсуды күшейтіп, көмейдің ісінуіне және препараттардың тыныс алу жолдарына түсуіне әкелуі мүмкін. Көздің немесе еріннің шырышты қабығына түскен препараттарды ағынды сумен немесе шәйнектен көп мөлшердегі сумен жуу қажет. Егер өңештің немесе асқазанның тесілуіне күдік болса (іштегі қатты ауырсыну), ішуге сұйықтық бермеңіз!

Санитариялық-гигиеналық талаптарды және препараттарды қолдану бойынша дайындаушының нұсқаулықтарын сақтау химиялық заттармен улануды болдырмауға мүмкіндік береді. Сақ болыңыз және балалардың денсаулығын сақтаңыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1193502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді