
Бекет ата тас жолы бойында жаңа туристік нысан-«Бозжыра туристік сервистік орталығы» жуырда пайдалануға берілмек. Жобаның ресми ашылуы сәуір айының соңына дейін жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірдің туристік әлеуетін арттырып, келушілерге қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі саналады.
Аталған орталық бір мезетте 40 адамға дейін қабылдай алады. Туристерге сапалы қызмет көрсетуге арналған нысанда қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Қазіргі таңда нысан аумағында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл өз кезегінде туристер үшін жайлы әрі тартымды орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жасыл желек пен табиғи ландшафттың үйлесімі өңірдің көркем келбетін одан әрі айшықтай түспек.
Бозжыра аумағындағы туристік инфрақұрылымды дамыту-өңір экономикасына серпін беретін маңызды факторлардың бірі. Жаңа сервистік орталықтың іске қосылуы келушілер санын арттырып қана қоймай, ішкі және сыртқы туризмнің дамуына да оң ықпал етеді деп күтілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1193199?lang=kk

Жауап қалдыру