
Адам құқықтары жөніндегі Омбудсменнің өңірлік өкілі Амангелді Абдолов Индер аудандық полиция бөліміне мониторинг өткізді.
Индер ауданының жалпы 32423 адам тұралы. Ал аудан орталығы Индербор кенті халқы – 16260 адамды құрайды.
Аудан 3 ауылдық округтен, 3 ауылдан, 6 елді мекеннен тұрады.
Мұнда 1 колледж, 15 мектеп, 12 балабақша, 1 аурухана және 7 емхана бар.
Индер АПБ ғимараты 1973 жылы тұрғызылған, 2 қабатты. Соңғы күрделі жөндеу жұмысы – 2000 жылы жасалған.
Ғимаратта, Кезекші бөлім, Уақытша ұстау палатасы, Артехқару-жарақ қоймасы, Арнайы құралдар орны бар.
Бейнебақылау камералар саны – 31 ( ішкі – 21, сыртқы – 10)
Индер ПБ құрылымы – 86 бірлікті, оның – 65 орта-басшы құрам (офицер) және 21 бірлігі қатардағы (сержант) құрайды.
Уақытша ұстау изоляторының штаттық бірлігі – 10. Индер ауданы ПБ уақытша ұстау оқшаулауғышы бөлім ғимаратының бірінші қабатында орналасқан.
Бұдан басқа уақытша ұстау изоляторында серуендеу ауласы, тергеу кабинеті, тұрмыстық бөлме, медицина қызметкерінің бөлмесі, шлюз бар, әрбір палатада санитарлық узел және қол жуғыш орнатылып, канализация жасақталған.
Индерлік АПБ қарасты Учаскелік полиция пунктерінің саны – 5
Мониторинг қорытындысымен ұстанымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193264?lang=kk

Жауап қалдыру