ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
ҚР Жаңа Конституциясының жобасын сапалы дайындауға, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқандар сырымдықтар бүгін ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың алғыс хатына ие болды. Марапатты Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов табыс етті.
Мемлекет басшысының құрмет хатына ие болғандар қатарында:
– Шынар Дүйсенғалиева – Сырым аудандық мәслихатының төрағасы;
– Талғат Дарғожиев – “Amanat” партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасы;
– Мира Мұхамбедиева – “Amanat” партиясы Сырым аудандық филиалы маманы;
– Ақкүміс Мұрадымова – Отбасын қолдау орталығының директоры;
– Айнұр Уәлиахмет – М. Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры;
– Тимур Құбаев – Сырым аудандыө ішкі саясат бөлімінің басшысы;
– Райымбек Нариманов – Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы бар.
Аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы қоғамдық – саяси оқиға арқылы Қазақстан Тәуелсіздігінің жаңа парағын ашылғанын, яғни жаңа Конституцияның қабылданғанын айтты.
Ата Заңның жаңа кітабы – келешектің игілігіне қызмет ететін құжат.
Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,
“Сырым елі”

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1193537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді