
Мәскеуде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті. Оған Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысты.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов әріптестерімен әскери ынтымақтастықты дамытудағы негізгі бағыттарды талқылады.
Тараптар қауіпсіздік пен аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасып, ТМД форматы бойынша көпжақты әскери ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2027 жылға арналған жұмыс жоспары мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1193356?lang=kk

Жауап қалдыру