
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының 2024 жылғы 9 қаңтардағы №16-05/05-3603 тапсырмасымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі Жол картасының 2.1-тармағын орындау мақсатында Атырау облысы Әділет департаменті Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №79 мекемесінде қабылдау өткізді.
Қабылдауға Әділет департаменті басшысының орынбасары Меруерт Музатова, Атырау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Амангелді Абдолов, сондай-ақ мүдделі органдардың өзге де өкілдері қатысты.
Қабылдау барысында жазасын өтеушілер түрлі мәселелер бойынша, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібі, сондай-ақ құқықтық, әлеуметтік және медициналық мәселелер бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, іс-шара аясында мекеменің кітапхана қоры көркем әдебиеттермен толықтырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1193138?lang=kk

Жауап қалдыру