Қазақстан Республикасындағы адамның құқықтары мен бостандықтары Конституциямен, сондай-ақ мемлекеттің халықаралық міндеттемелерімен танылады және оларға кепілдік беріледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы адамның құқықтары мен бостандықтары Конституциямен, сондай-ақ мемлекеттің халықаралық міндеттемелерімен танылады және оларға кепілдік беріледі. Әркімнің өмір сүруге, қадір-қасиетке, жеке басына қол сұғылмаушылыққа, сөз және ар-ождан бостандығына, әділ сот талқылауына, кемсітушіліктен қорғауға және басқа да құқықтар мен бостандықтарға құқығы бар. Бұл құқықтарды іске асыру мемлекеттік және қоғамдық қорғау тетіктері жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Құқықтары бұзылған жағдайда азаматтар соттарға, құқық қорғау органдарына жүгіне алады, өтiнiштер беру үшiн E-Otinish порталының мүмкіндіктерін, сондай-ақ E-Petition онлайн-петицияларының тетігін және ашық үкімет порталының құралдарын пайдалана алады. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесінде азаматтардың өтініштерін қарайтын, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге жәрдемдесетін, құқықтар мен бостандықтардың сақталуына мониторингті жүзеге асыратын, сондай-ақ халықты құқықтық ағартуға қатысатын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл маңызды рөл атқарады. Омбудсменге жүгіну, әсіресе мемлекеттік органдардың іс-әрекеттерін тәуелсіз бағалау талап етілетін жағдайларда қорғаудың қолжетімді және тиімді тәсілі болып табылады. Құқықтық сауаттылықты арттыру және өз құқықтарын қорғау тетіктерін білу әділетті қоғамды қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және әр адамның өз құқықтарын іске асыру мен қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1193274?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді