Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-не барды .

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жыл 16 наурыз күні, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-не барды .

🔷Еркіндік рухы жобасы аясында балалармен кездесіп, «Менің құқығым бар» тақырыбында лекция оқыды .Ашық форматта өткен жүздесуде балалар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

🔷Сонымен қатар, <Адал азамат> идеалдары контекстінде азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңдылыққа бағыну, адалдық және әділдік қағидалары да қамтылды .

🔷Одан бөлек, мекеме басшылығы және қызметкерлермен кездесу өткізді. Жұмыс беруші мен қызметкерлерге арналған еңбек құқықтары мен кемсітушілік мәселелері тақырыптарында талқылау жүргізіліп, құқықтық түсініктер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1193311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді