Қонаевта 13 тұрғын үйдің шатыры жаңартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қонаев қаласында жылдық жоспар аясында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жаңарту жұмыстары жүруде. Бүгінде 10 үйдің шатыры толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда. Сонымен қатар, 3 тұрғын үйде су ағар жүйелері жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, 10-нан астам үйдің қасбеттерін сырлау жоспарланған.

Аталған жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әсіресе, тозығы жеткен шатырларды жаңарту – қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.

«Бұл жұмыстар жүйелі түрде жыл сайын жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – қала келбетін жақсартып, ескі шатырларды кезең-кезеңімен жаңарту. Өтінімдер пәтер иелері кооперативтері арқылы қабылданып, жоспарға енгізілген болатын», – деді ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Зәкеров.

Былтыр 15 үйдің шатыры ауыстырылып, 15 үйдің қасбеті сырланған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/press/news/details/1193758?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді