Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облысы аумағында өткізілетін іс-шаралар туралы БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысы                               30 наурыз 3 сәуір 2026 жыл

Қазақстан Республикасы  мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитеті және Шығыс қазақстан облысының Дін істері басқармасының қолдауымен а.ж. 30 наурыз – 3 сәуір күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Шығыс Қазақстан облысына іс-сапар жасады.

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға: Новикова Светлана Николаевна – «Психея» психологиялық орталықтың директоры, психолог, Кәдіров Берік Кәдірұлы – ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ, дінтанушы маман, Қанапиянов Ернұр Болатбекұлы – ШҚО, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы, Өмірханов Мақсат Ерланұлы – «Абай облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері Өскемен қаласы мен Зайсан, Күршім, Самар, Риддер аудандарын аралап, халық арасында «Қоғамда дінтанулық сауаттылықтың маңыздылығы», «Теріс діни идеологияға қарсы сыни-ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы (зайырлылық, толеранттылық, бірлік, жауапкершілік, адамгершілік), «Экстремистік және террористік әрекеттерге қарсы тұрудың ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, ҚР ҰҚК Шекара қызметтері, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар мен түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.

 

Директор                                                         А. Ғұмар

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1192989?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді