
🔰Тазалыққа әрқашан да талпыныс керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан “Таза Қазақстан” республикалық акциясы ауданда әсіресе ауылдық округтерде белсенді ұйымдастырылуда.
🔰Саудакент ауылындағы Орталық саябақта аталмыш акциясы бойынша тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, тазалық шарасының маңызын жеткізді. Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасары Диханбай Ақділда, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Арқабай Төлмағанбетов, кеңес мүшесі Сейітқадыр Әбдіхалықов та сөз сөйлеп, ізгілікке бастар тазалық шарасына ауыл тұрғындарын белсенділікке шақырды. Тазалық жұмыстары барысында саябақ іші күл қоқыстан тазаланып, талдар әктелді. Акцияға сондай-ақ, ауыл тұрғындары мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері де бірлікпен қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1193535?lang=kk

Жауап қалдыру