СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қандыағаш қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында қандыағаштықтар екі ай бойы жалғасатын жалпықалалық сенбілікке қатысады. Басты мақсат – қаланы көркейтіп, табиғатты аялау.

Сенбілікке қатысқан мекеме, кәсіпорын  қызметкерлері айналаны таза ұстау әр адамның өзінен басталатындықтарын жеткізді. Әрбір азамат өзінің туған қаласына жанашырлықпен қараса, қоршаған орта да жақсарады.

Сенбілік жұмыстары барысында орталық көшелер мен аллеялар, арықтар тазаланып, қоқыс қалдықтары белгіленген орындарға шығарылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1192969?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді