
2026 жылғы 2 сәуірде П.В. Афанасьевтің төрағалығымен Петропавл қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттіктері, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Қатысқандар: Т.С. Жұманов, Ғ.А. Нұртаза — комиссия мүшелері, Қ.М. Макина — «Петропавл қаласы мәслихатының аппараты» КММ басшысы, Г.М. Оспанова — Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының төрағасы, С. Д. Әлжанов — Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
- Петропавл қаласының нотариаттық қызметтер нарығының жай— күйі туралы.
- Жасөспірімдер арасындағы қылмыспен, мектептердегі қорқыту оқиғаларымен, отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен және балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресу.
Сөз сөйлегендер: Оспанова Г.М. — Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының төрағасы, С.Д. Әлжанов — Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-petropavl/press/news/details/1193054?lang=kk

Жауап қалдыру