
САМАР АУДАНЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ! 
АМАНГЕЛЬДІ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ түлегі, журналист ЕСІМХАНОВ ӘДІЛХАН БОЛАТХАНҰЛЫ Мемлекет басшысының жарлығымен «ШАПАҒАТ» медалімен марапатталды.
Бұл – туған жерден түлеп ұшқан азаматтың табанды еңбегі мен кәсібіне деген адалдығының айқын дәлелі. Әділханның журналистика саласындағы жетістіктері мен өңір дамуына қосқан үлесі жоғары бағаланып отыр.
Марапатты Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі АИДА БАЛАЕВА табыстады.
Есімханов Әділхан Болатханұлы – шығысқазақстандық журналист, Самар ауданының тумасы. 2015 жылы Амангелді орта мектебін тәмамдап, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Журналистика» мамандығы бойынша білім алған. 2021 жылдан бастап Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Еңбек жолын ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз бөлімінде бастап, кейін өңірлік және республикалық БАҚ-та журналист, редактор ретінде қызмет атқарды. Атап айтқанда, «Vksport.kz», «Менің өлкем» газеті, Buqara.kz сайты және республикалық Massaget, Tizgin.kz порталдарында жұмыс істеді. Қазіргі таңда – Шығыс Қазақстан облыстық «Менің өлкем» газеті мен Buqara.kz сайтының бас редакторы.
Өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар марапаттарға ие болған.
Самар өңірінің жастарына үлкен мотивация! Осындай биіктерді бағындыратын азаматтар көбейе берсін! 
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-kulynzhon/press/news/details/1193413?lang=kk

Жауап қалдыру