Су тасқынына қарсы әуеден бақылау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп «Өскемен – Шемонаиха ауданы – Риддер – Глубокое ауданы – Өскемен» бағыты бойынша су тасқыны жағдайына әуеден шолу жұмыстарын жүргізді.

Әуеден бақылау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы ТЖМ «Қазавиақұтқару» РМК-ның МИ-8 тікұшағы тартылды.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Амангелді Енсегеновтің айтуынша, әуеден шолу барысында таулы аудандардағы қар қорының жиналуы бақылауға алынып, су тасқыны қаупі бар аумақтарда, соның ішінде Шемонаиха және Глубокое аудандарында қар қорының көлемі нақтыланып, су тасқыны жағдайының даму барысына алдын ала бағалау берілді.

Қосымша анықталғандай, Уба және Үлбі өзендерінде мұз жамылғысының ашылу процесі байқалады. Өзендердің төменгі ағысында мұз толық еріп кеткен, ал жоғарғы бөліктерінде оның бұзылуы жалғасуда. Мұз кептелістері мен сең жиналуы тіркелген жоқ.

Әуеден түсірілген фото және бейнематериалдардың қорытындысы бойынша мамандар қазіргі уақытта өңірдегі су тасқыны жағдайы тұрақты екенін атап өтті.

Мұндай әуеден бақылау жұмыстары жыл сайын жүргізіледі. Фото және бейнематериалдарды салыстырмалы талдау гидрометеорологиялық үдерістердің динамикасын бақылауға және көктемгі кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1193074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді