
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Қашар кенті әкімінің аппараты” ММ қызметкерлері іргелес аумақты тазалауға қатысып, кентті абаттандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында аумақ қоқыстан тазартылып, сондай-ақ түскен жапырақтар жиналды. Барлық тұрғындарды шетте қалмауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және біздің кентте тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз.Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана Қашар кентін таза, жайлы және өмір сүруге ыңғайлы ете аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kashar/press/news/details/1193550?lang=kk

Жауап қалдыру