
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті электр және жылу энергиясын өндіру мен беруді жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мен мамандары үшін техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексеру мемлекеттік қызметті көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Білімге біліктілік тексерулерін жүргізу қағидаларымен айқындалған.
Тексеруден кімдер өтеді?
Электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда біліктілік тексеруден:
– бірінші басшы,
– бірінші басшының техникалық мәселелер жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасары,
– бас инженер,
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы,
– сондай-ақ өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға өтеді.
Ал электр және жылу энергиясын өндіру, беру негізгі қызмет түрі болып табылмайтын ұйымдарда тексеруден
– энергетикалық бөлім басшысы,
– оның орынбасары,
– бас инженер,
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы
– және өндірістік бақылауды жүзеге асыратын тұлға өтеді.
Өтініш қалай беріледі?
Өтініш тек электрондық форматта – elicense.kz порталы арқылы, қызмет алушының жеке кабинетінен беріледі.
Құжаттар электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
Өтініш алдыңғы біліктілік тексерудің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын берілуі тиіс.
Ұйым қызметкерлері тиісті лауазымға қабылдау немесе ауыстыру туралы бұйрығын ұсынады.
Ал басшылық лауазымға үміткерлер ұйымнан жолдама ұсынады.
Сонымен қатар, басшылық лауазымға үміткерлер үшін біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғанға дейін өткізіледі.
Өтінішті қарастыру мерзімдері қандай?
Комитет 2 жұмыс күні ішінде қызмет алушының жеке кабинетіне тестілеудің күні, уақыты және орны көрсетілген хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Егер бас тарту себептері жойылған жағдайда, өтінішті қайтадан беруге болады.
Тестілеу қайда және қалай өтеді?
Тестілеу өтініш Комитетте тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалады.
Тестілеу Комитетте немесе оның аумақтық департаменттерінде өткізіледі. Тестілеу уақыты 2 сағат және 100 тест сұрағынан тұрады.
Тестілеу нәтижесі тест өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қызмет алушының жеке кабинетіне жолданады.
Қанағаттанарлықсыз нәтиже салдары
Егер кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде тестілеу нәтижесі белгіленген шекті деңгейден төмен болса немесе қызмет алушы дәлелді себепсіз тестілеуге келмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес атқаратын лауазымынан шеттетіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1193435?lang=kk

Жауап қалдыру