ЖҰМЕКЕН НАЖМЕДЕНОВ АТЫНАДАҒЫ МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ САҒАТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Атырау қалалық прокуратурасының бастамасымен Атырау облысы бойынша Қылмыстыкқ-атқару жүйесі департаментінің Атырау қалалық пробация кызметі белімімен бірлесіп, Ж.Нажмеденов атындағы №2 мектебінің 8-11 сынып оқушыларына арналған құқықтық сағаты өтті. Шараға Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдігі қатынасты.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтарды алдын алу, заң талаптарын құрметтеуге баулу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Кездесу барысында мамандар окушыларға заң алдындагы жауапкершілік, құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, құқықбұзушылықтың салдары туралы кеңінен ақпарат берді.

Құқықтық сағат кезінде балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Мұндай тағылымы мол кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға жене саналы азамат болып қалыптасуына үлкен ыкпал ететіндігі сөзсіз.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1193358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді