
2026 жылғы 4 сәуірде Теміртау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» КММ, «Теміртау қаласының мансап орталығы» КММ, «Имстальком» АҚ, «Жұлдыз», «Әдемі», «Балбөбек» мектепке дейінгі мекемелері, «Теміртау қаласының ЖИТС орталығы» КММ, сондай-ақ №11 және №31 мектептермен бірлесіп, жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Бекітілген аумақтарға 115 адам шықты.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 250 қап қоқыс жиналып, көлемі 20 текше метрден 2 «Shacman» жүк көлігі қалдық шығарылды. Оның ішінде қураған ағаштар, жиһаз және құрылыс қалдықтары бар. Жұмыстарды жүргізу үшін 1 тиегіш техника тартылды.
Қаптарға жиналған қалған қоқыс «Qarmet» АҚ-ның жұмыс күндері шығарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-temirtau/press/news/details/1193967?lang=kk

Жауап қалдыру