
Ақбай ауылында ауыл азаматтарының асарлатып салу әдісімен 100 адамдық ғибадат үйі бой көтергені баршаға мәлім.
Қазіргі таңда мешіт жамағатының қолдауымен құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, еліміздің өркендеуіне және мешітіміздің көркеюіне тұрақты түрде демеушілік жасап жүрген жеке кәсіпкер Жұмашов Мейрамбектің қолдауымен ғибадат үйінің сыртқы қаптау жұмыстары қарқынды атқарылуда.
Халқымызда:
«Жомарттың қолы ашық, жүрегі жарық»,
«Алғыс алған – абыройы артар», – деген нақыл сөздер бар. Игі іс жасаған азамат әрдайым құрметке лайық.
Алла тағала ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген барша жомарт жандардың ризық-несібесін арттырып, отбасыларына береке, кәсіптеріне құт-береке нәсіп етсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aqirek/press/news/details/1193964?lang=kk

Жауап қалдыру