Елордалық театр ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының ұжымы сенбілік өткізіп, мекеме аумағы мен оған іргелес кеңістікте тазалық жұмыстарын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сенбілік барысында ғимарат маңы қоқыстан тазартылып, аумақты ретке келтіру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмысы жүзеге асырылды. Театр қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған ортақ іске белсенді атсалысып, елорданың көркеюіне өз үлестерін қосты.

«М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдады. Театр ұжымы үшін тазалық пен қоршаған ортаға қамқорлық – мәдени-ағартушылық миссиясының маңызды бөлігі. Бүгінгі сенбілік ортақ жауапкершілік пен бірліктің көрінісі болды: қызметкерлер театр ішін және айналасын ретке келтірді» – деді М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры директорының орынбасары Александра Кустовская.

Бұл бастама тек бір реттік акция шеңберінде ғана емес, қоғамда тазалық мәдениетін орнықтыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдысын қалыптастыруға бағытталған маңызды қоғамдық жұмыс ретінде жалғасуда. Тазалық пен тәртіпті сақтау – ортақ сана мен жауапкершіліктің көрінісі.

Алдағы күндері Мәдениет басқармасына қарасты мекемелерде сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары жалғасады. Қызметкерлер театрлар аумағын, тарихи ескерткіштер мен мәдениет ошақтарының айналасын тазалау жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1194063?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді